Сермухаметова Багжан Бейбітовна, 1989 жылы туылған, қазақ. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетін "050215-шетел филологиясы: корей тілі" мамандығын бітіріп шықты.2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында корей тілі пәнінің аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.01.03.2010 және 15.08.2010 аралығында Корея Республикасы, Еңин қаласындағы Кангнам университетінде студенттердің алмасу бағдарламасы бойынша оқыды.2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасына түсіп, 2018 жылы "6М021000 – Шетел филологиясы" мамандығы бойынша бітірді.Магистрлік диссертацияның тақырыбы «Қазіргі корей және қазақ поэзиясына салыстырмалы талдау (Ким Совол және О. Сүлейменов шығармашылығы негізінде)».2018 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасына түсіп, 2021 жылы "6D020900- Шығыстану" мамандығы бойынша теориялық курсты аяқтады.Қазіргі уақытта «Қазіргі корей әңгімесінің тарихи контексті және поэтикасы» атты диссертациясын әзірлеуде.2018-2021 жылдар аралығында «AR05135879-Қазақстан мен этникалық отан арасындағы диаспоралық қарым-қатынастың медиаторлық функциялары» жобасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.2019 жылдың 4-30 наурызы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Базалық шығыс тілі» (144 сағат көлемінде) курсына қатысты.2020 жылдың 13-17 шілдесі аралығында Шетелдік корейлер қоры және Корея Республикасы Елшілігі жанындағы білім беру орталығының қолдауымен Қазақстандағы корей мектептері қауымдастығы ұйымдастырған «Корей тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың онлайн курсын» (72 сағат көлемінде) аяқтады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2011
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0